«Медиация күні» республикалық акция

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әулиекөл ауданының сотында сот төрағасы Б.Жамбуловтың кәсіби медиатор Б.Қасымова және адвокат Т.Тюлебаевтың қатысуымен «Медиация күні» республикалық акцияға арналған ашық есік күні өтті.

Өз сөзінде сот төрағасы Б.Жамбулов, «Медиация – тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзуi мақсатында медиатордың жәрдемдесуiмен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсiмi.өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Бітімгершілік рәсімдері жаңашылдық емес, ол туралы Қазақ  тарихында деректер сақталған. Бұрынғы заманда билер соты секілді құқықтық институт болғаны және қоғам өмірін­де ерекше рөл атқарғаны белгілі. Ал медиация осының жаңаланған түрі. Ұлы қазақ даласының билігінің белгілі дара тұлғалары  бастаған дана билердің ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға үлкен рөл атқарғаны баршамызға белгілі. Соттық талқылау өткізу кезінде әр тарап, өз шындықтарын дәлелдеп, бірақ еш даусыз, мәжбүрлеусіз, дұшпандықсыз және өшпенділік пен өзара соғыс түріндегі  әрекеттерді болдырмай тараптарды дауды реттеп, бітімгершілікке келтіретін оған дәлел келтіру үшін әйгілі билерді қатыстырған. Билердің басты мақсаттары тараптардың қарым-қатынастарының  шиеленусіне қарамастан, оларды татуластыру. Осы кезде «Даудың түбі – біту» нормасы қолданылған» .

Іс – шара соңында Б.Жамбулов қатысушыларды акцияға қатысқандары үшін өз ризашылығын білдірді. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: