Мектеп терезесін сындырғаны үшін 5 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Амангелді  аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған Амангелді ауданының Үрпек ауылының 1969 ж.т. азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, өткен жылдың 30 желтоқсанында  сағат 15.20 шамасында  спирттік ішімдікке мас болған ер адам  Жаңа ауыл орта мектебіне барып, қоғамдық орында сонда жүрген мектеп қызметшілеріне сыйламаушылық білдіріп, тіл зәбірін тигізген. Ал  мектептен шыға бере ғимарат терезелерін сындырып, сол мектептің қасында тұрған азамат Е-ның жеке меншік автокөлігін ұрып алдыңғы терезесін сындырып және есігінің бүйірін майыстырып залал келтірген.

 Сот мәжілісінде азамат А. өзінің құқық бұзушылық жасағандағы кінәсін мойындап, өзі қазіргі уақытта материалдық шығынды өтеуге дайын екенін айтты. Сот қаулысымен ҚР ӘІЖтК 330 б. 1б. бойынша құқық бұзушы 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Амангелді аудандық соты