Науырзым аудандық сотының 2018 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша брифингі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Науырзым  аудандық сотында 2018 жылдың 12 айындағы жұмысы бойынша жергілікті «Науырзым тынысы» газетінің өкілімен брифинг өткізілді.   

Іс-шара барысында қазіргі күнде халық арасында «Сот кабинеті» сервисі белсенді қолданылатындығы және барлық сот процесстері  бейне-дыбыс жазба құралын қолдануымен қаралып, нәтижесінде сот қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, жұмыстың регламентін сақтау, азаматтардың сотқа жүгінгендегі заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалатындығы атап өтілді.     

Брифинг барысында  сот төрағасы С.М.Әміров статистикалық мәліметтерге қысқаша тоқталып, соттағы татуластыру рәсімдерін қолдану және оны дамытуды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқаның атап өтті,  сондай-ақ брифинг қатысушыларына «Сот төрелігінің 7 түйіні» жобасымен таныстырды.    

Источник: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі