Оңалту және банкроттық рәсімдерді жетілдіру мәселелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2018 жылғы 27 сәуірде «Оңалту және банкроттық рәсімдерді жетілдіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Осы мәселені талқылауға банкроттық басқарушылар,екінші деңгейлі Қостанай банкі филиалдарының және «Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті» РММөкілдері, Қостанай облыстық соты мен Қостанай облысының МАЭС судьялары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар кредит берушілермен бірлесе банкроттық рәсімдерді ұзақ созылуын жою мақсатында мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптарды банкроттық басқарушылардың сотқа дер кезінде жүгіну мәселесін шешу керектігін қабылдады.

Кредиторлар жиналысына банкроттық рәсімдер мерзімін негізсіз ұзартуын болдырмау ұсынылды.

Және мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті анықтау бойынша барлық рәсімдерді өткізген соң Жарғылық капиталға толық үлестерін салмаған серіктестік қатысушыларынан соманы өндіру мен ортақ жауапкершілікке тарту туралы сотқа жүгіну  ұсынылды.

Оңалту және банкроттық заңының, дәлірек айтқанда  ҚР  «Оңалту және банкроттық» заңының 89-бабының 15-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсыну; заңды тұлғадан тыс лауазымды тұлғаны, тікелей құрылтайшыны жалған әдейі банкроттыққа әкелуіне әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу айтылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: