Өзен жағасындағы жағалас

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына өзінің танысын мерт қылған 30 жастағы азамат Щ-ға қатысты қылмыстық іс түсті.    

Сотталушы бұрын соңды істі болмаған Қостанай облысы Таран ауданының тұрғыны.  Ол ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлімі 3 тармағы, 314 бабының 2 бөлімі 4 тармағы (адам өлтіру, өлі денеге қорлық жасау) бойынша айыпталып отыр.

Іс материалдары бойынша, 16 сәуірде кешкі сағат тоғыз шамасында Щ. және жәбірленуші Ч. Таран ауданы аумағындағы Аят өзені жағалауында ішімдік ішкен. Кейін екеуінің арасында дау туындап, Щ. сынған бөтелкемен жәбірленушінің кеуде және мойын тұсына бірнеше соққы жасаған.

Қылмыстық әрекетін жалғастырған сотталушы онысымен қоймай тағы да жәбірленушіге  пышақ сұғып, кейін қаза болған бөтелкелесінің өлі денесіне қорлық жасаған.     

 

Источник: 
Қостанай облысының қылмыстық соты