Шатханаға ұрлыққа түсті деп айыпталушының ісі сот қарауына түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөл. 3 тар. бойынша (қызметтік немесе өндірісті үй-жайға заңсыз кіріп ұрлық жасау) айыпталған 1989 жылы туған Ш-ға қатысты қылмыстық іс түсті. 

2016 жылдың 6 ақпанында сағат 02.30 шамасында Ш. Қостанай қаласындағы "Дольче Вита" шатханасының темір торының құлыпын жұлып, пластикалық терезені зақымдап шатхана ішіне енген. Ол жерден жеке кәсіпкерге тиесілі 98 000 теңгені ұрлап, оқиға орнынан жасырынған.

Қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы 9 наурызға сағат 15.00-ге тағайындалды.  

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі