«Смарт-сот» жобасын жүзеге асыру аясында экономикалық сотта 20 азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымобильді бейнеконференцбайланысы арқылы сот отырыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыстың  аралық қорытындысын шығарды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасының басшылық етуімен «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасын жүзеге асыру аясында, сот дөңгелек үстел өткізді, соның барысында процеске қатысушыларға олардың процеске келмей ақ сот отырысына қатыса алатын мүмкіндіктері туралы айтылды.

Өздерінің смартфондарына «Truconf» мобильдік қосымшаны орнатып алып тараптар қашықтықтан сот отырыстарына қатыса алады, бұл төрелікке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Смарт-суд» жобасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 12 қарашасынан бастап экономикалық сотта 20 азаматтық іс қаралды.

«Әділ процесс» жобасына сәйкес судьялар сот шешімі жарияланған соң  сотқа қатысушыларға түсінікті тілде  шешімнің мазмұнын айтады, яғни  қандай да бір шешімді қабылдауға негіз болған логика мен себептерді түсіндіреді.

Тараптарға сот актілері электронды түрде судьяның сандық қолтаңбасымен жолданылады.

Осы IT-технологиясының енгізілуі әділ соттың қолжетімділігі мен ашықтығын арттырады, сондай-ақ процессті неғұрлым жылдамдатуға, сот төрелігін шығаруға кедергісіз, қолайлы түрде қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қостанай облыстық сотымен бірлесе отырып сотпен жауапты байланыстың үздіксіз  болуы және «Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру үшін  залдардың санын арттыру мәселелері шешілуде.

Жоғарғы Соттың жобаларын жүзеге асыру аясында қолданылатын барлық іс-шаралар әлі жалғасын табады.

Источник: 
Қостанай облыстық Соттың Баспасөз қызметі