Сот адвокаттың және қаланың экс-әкімінің жеке шағымдарды қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 11 сәуірдегі үкімімен А.М.Ахметжановты мемлекет қызметінде жұмыстарды атқару өмірлік құқығынан айырлды мүлкі тәркіленіп 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қостанай қаласы № 2 сотының 2019 жылғы 05 ақпандағы қаулысымен А. М. Ахметжановтың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.

Соттың осы қаулысымен келіспеген сотталған және оның адвокаты қаулының күшін жою және өтінішті қанағаттандыру туралы жаңа қаулы шығару туралы шағым берген.

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 01 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылды.

ҚР ҚК-нің 72-бабының 1-бөлігінің екінші абзацы негізінде сотталған А. М. Ахметжановтың және оның қорғаушысының өтініші шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану бөлігінде қанағаттандырылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі