Сот баласымен бірге жол-көлік оқиғасында зардап шеккен Қостанай тұрғынының пайдасына жүргізушіден жарты миллионға жуық залал өтемін өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызымен бірге жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен Қостанай қаласының тұрғыны микроавтобус иесі мен жүргізушісінен материалдық және моральдық шығын өтемін өндіру туралы шағымымен  қалалық сотқа жүгінген.

2015 жылдың 7 тамызында Ресей Федерациясының аумағында жүргізуші кінәсі салдарынан жол-көлдік оқиғасы орын алған. Көлік ішінде болған талапкер 5 жасар қызымен орташа дене жарақатын алып ауруханаға түскен. Баланың бір көзінен дәрігерлер шыны үгіндісін алған. Бүгінде қыз баланың көзі көреді, алайда, оның зақымданған түр келбеті анаға жан күйзелісін келдіруде. Сонымен қатар бұл оқиға балаға психикалық жарақат келтіріп, ол бүгінде автокөлікке отырудан қорқатын болған.

Сот шешімімен жауапкерден талапкер пайдасына 176 000 теңге көлемінде материалдық шығын мен 300 000 мың теңге моральдық залал өтемі өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі