Сот-медицина сарапшысына заңсыз сыйақы алғаны үшін 2 миллион теңге айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен С.Қарабаев ҚР ҚК-нің 247 бабының 3 бөл. бойынша (ірі көлемде заңсыз сыйақы алу) айыпты деп танылды.

Іс материалдары бойынша, Қостанай облысы Сот сараптамасы институтының бас маманы қызметінде жүрген кезде  Қарабаев сараптама қорытындысын оңтайлы етіп өзгерту үшін алаяқтық жолмен 100 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

Сотталушыға мүлкін тәркілеусіз және сараптама қызметін алдағы екі жылда атқаруға тыйым сала отырып 1000 АЕК, яғни 1982000 көлемінде айыппұл төлеу жазасы кесілді.

Сонымен қатар, Қарабаев айыппұлды төлемеген жағдайда Қылмыстық Кодекске сай бас бостандығынан айырылады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай қалалық №2 соты