Судьяға алғысын жолдайды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық соты төрағасы Ғ.Мырзакенің атына «Костанайский арматурно-метизный двор» ЖШС-нің директоры В.В.Самоделкодан алғыс хат келіп түсті.

Өз хатында кәсіпкер Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Ж.Сәлкееваның өз қызметін адал, кәсіби түрде, тиянақты жүзеге асыруына және істі мерзімінде, созбалауға салмай уақытылы қарағанына алығысын айтады.

«Сотқа талапкер ретінде жүгініп, біз шын мәнінде құқығымыздың қорғалуы мен қайта қалпына келуіне ие болдық» дейді азамат В.В.Самоделко.

Сонымен қатар хат авторы экономикалық сот төрағасы С.М.Нұровқа  судья жұмысын қамтамасыз етіп, ұйымдастыра білгені үшін ризашылығын білдіреді.

«Қызметкерлер жұмысының тиімділігі басшыға байланысты»,- дейді ЖШС директоры.   

Источник: 
Қостанай облысның экономикалық соты