Жаңалықтар

Жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару

03/05/2024

 

Қостанай қалалық соты Қостанай қаласы әкімінің азамат П.-дан мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысымен Ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсіміне бастамашылық жасалды. Осы учаскелердің қатарына П.-ның учаскесі енгізілген.

Адвокатқа қатысты үкім шығарылды

03/05/2024

 

3911-24-00-1/118

 

Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Б. - ға қатысты алаяқтық жасағаны, яғни өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамды алдау және айтарлықтай мөлшерде лауазымды адамға пара беруге итермелеу жолымен бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бап, 2-бөлігі 3-тармақ, 28-бап 4-бөлім, 367-бап 2-бөлім).

 

Сот белгілеген:

Көбік кешінде баланың өлімі туралы іс: сот үкім шығарды

03/05/2024

Ұзынкөл аудандық сотында Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. К.-ға қатысты ҚК 306-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету, егер олар абайсызда адамның өліміне әкеп соққан кәмелетке толмағандарға арналған қызметтер).

   

         Сотта анықталды:

         2023 жылғы 25 тамызда Ұзынкөл ауылында К. орталық алаңдағы көше сахнасында «Көбік кеші» мәдени-көпшілік іс-шарасын ұйымдастырады.

Әдеп жөніндегі уәкіл семинар өткізді

02/05/2024

Қостанай облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Асқат Дүйсенбаев онлайн-жұмыс кеңесін өткізді, оған департамент қызметкерлері, аудандық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілері мен мамандары қатысты.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметті атқару және мемлекеттік құпияларды сақтау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мінез-құлқына жоғары талаптар қойылатыны атап өтілді.

Мектеп оқушылары арасындағы зияткерлік құқықтық ойын ұйымдастырылды

02/05/2024

Аудан тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты, құқықтық мәдениетті арттыру, негізгі құқықтар мен міндеттерді білуін жақсарту мақсатында Бейімбет Майлин аудандық сотының төрағасы Серік Серғазиннің ұйымдастыруымен, прокуратура қызметкерінің қатысуымен аудан мектептерінің оқушылары арасында құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Өз ойыны» атты аудандық зияткерлік іс-шара өтті.

Іс-шара Б.Майлин атындағы мектеп базасында өтті, оған ауданның ауылдық мектептерінен оқушыларынан құралған командалар қатысты.

Судья-жаттықтырушылар тергеушілермен тренинг өткізді

02/05/2024

«Қадір қасиет» қоғамдық бірлестігі іске асыратын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін нығайту» жобасы аясында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жолдыбай Метаев пен Қостанай қаласының № 2 сотының судьясы Анара Шаймұрынованың қатысуымен «Кінәсіздік презумциясы" тақырыбында тренинг өткізілді.

Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық істерді қарауға байланысты проблемалық мәселелер

29/04/2024

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар суд жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік қорғау органдарының,
Зейнетақы төлеу, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік
орталықтың өкілдерімен "азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы
азаматтық істерді қарауға байланысты проблемалық мәселелер"тақырыбында
дөңгелек үстел өткізді.
Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотында «Азаматты әрекетке қабілетсіз деп

Қостанайда жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

26/04/2024

Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 19 сәуірдегі
Жарлығымен Қостанай облысының аудандық және оған теңестірілген сот
судьялары тағайындалды.
Арқалық қалалық сотына - Базылов Алмат Батыржанұлы пен Бисембаев
Арсем Дәлетұлы;
Қостанай қаласының No2 сотына - Баяков Олжас Маратұлы мен
Кетпенбаев Талғат Танатқанұлы;
Лисаков қалалық сотына - Айтукова Анар Төлегенқызы;
Рудный қалалық сотына - Бижанова Әмина Мәлікқызы судья болып
тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.

Судьялар үшін тренинг өткізілді

26/04/2024

Бүгін Қостанай облыстық сотының Оқу орталығының базасында
«Созидание» психологиялық орталығының психологы Нина Косюкпен бірге
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты
істерді қарайтын судьяларға арналған тренинг өткізілді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты отбасы-неке қатынастарынан туындайтын
дауларды қарау кезінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау жөніндегі проблемаларды талқылау қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ұсынымдарын
іске асыру болды.

Туристерді алдағаны үшін бас бостандығынан айырылды

25/04/2024

3911-23-00-1/380 

            Қостанай қаласының №2 сотында алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық, яғни аса ірі мөлшерде, екі немесе одан да көп адамға қатысты, бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жымқыру фактісі (барлығы 45 эпизод) бойынша Ресей Федерациясының тумасы Ф.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі, 1,3,4-тармақтары).

 

            Сотта анықтады:

Беттер