Вокзалдағы заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қостанай қаласының теміржол вокзалында құқық бұзушылық жасаған екі ер адамға қатысты әкімшілік іс материалдарын қарады.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 29 маусымында таңғы сағат сегіз шамасында Германия елінің 1955 ж.т. азаматы және Ресей Федерациясының 1982 ж.т. азаматы теміржол вокзалы ғимаратында жыныстық қатынас әрекеттерін жасаған, бұл бейне бақылау камерасына жазылған.

Осылайша, олар қоғамдық орындағы заңсыз әрекеттерімен қоғамға сыйламаушылық танытқан. Сот қауылысымен құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөл. бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК, яғни 19820 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.    

Источник: 
Қостанай қаласының әкімшілік соты