Әйелінің тыныштығын бұзғаны үшін екі тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1987 жылы туған азамат П.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК 73 б. 1 б. бойынша әкімшілік іс қарады.

Хаттамаға сәйкес, 2015 жылдың 22 ақпанында сағат кешкі сегіз шамасында аз.П. әйелімен жанжалдасып, оған былапыт сөздер айтып, дене жарақатымен қорқытқан, сол арқылы сыйламаушылық көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.  

Әкімшілік істің қаралу күні туралы сотпен тиісті хабарланған П.  белгісіз себептермен сот отырысына келпей, оны мәжбүрлеп әкелуге шешім қабылданып,  аға сот жасауылымен жеткізілген.

Сотпен аз. П екі тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай қ. әкімшілік соты