Жангелдин ауданында «Жеке кәсіпкерлікті тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жангелдин аудандық соты Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» филиалымен бірлесіп «Жеке кәсіпкерлікті тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Дөңгелек үстелге соттардың судьялары мен мамандары, «Атамекен» ҰКПаудандық филиалының басшысы, аудан кәсіпкерлері, аудандық прокуратура мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Судья А.Кожаков пен Жангелдин ауданы прокуратурасының прокуроры М.Қозбақ жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнаманың нормалары туралы ақпарат берді.

Кездесудің екінші бөлігінде сот төрағасы Ж.Метаев «дөңгелек үстелге» қатысушыларға бірқатар заңнамалық актілерді ұсынды,2017 жылғы желтоқсанда қабылданған,атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

Ж.Метаев жеке кәсіпкерлердің қызметіне қатысты осы заңнамалық актілердің нормаларына ерекше назар аудара тоқталды.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің қатысушылары пікір алмасты және оларға қызығушылық тудыратын сұрақтар қойылды.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі