Жер заңнамасына орай өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтікізлді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай аудандық сотында жер заңнамасына орай өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қостанай аудандық   сотының судьялары, аудандық прокуратура өкілдері, Қостанай ауданының кәсіпкерлер палатасы, Қостанай ауданының әкімдігі, «Жер қатынастары»  ММ-нің  өкілдері қатысты.

Жер дауы екі немесе одан көп субъектінің жер қатынастары бойынша жер құқықтарын қамтамасыз етудегі, жүзеге асырудағы  айтыс болып табылады. Барлық жағдайларда да жер дауының объектісі ретінде нақты бір  жер телімі немесе жерге  қатысты  мүліктік құқытар орын алады.

Жер-құқытық даудың субъектілері ретінде жер телімдерінің меншік иесі, жерді пайдаланушылар, заңды және жеке тұлғалар, жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдар  болып табылады. Аталған тұлғалардың шешімдері жер-құқықтық даудың пайда болуына әкеп соғады.

Аудандық сот судьясы А.М.Жәнібекова жер дауының маңайында жылдан-жылға істердің көбейіп келе жатқанын тілге тиек етті. Сондықтан жергілікті атқару органдарының қарапайым халық арасында түсіндірме жұмыстарының белсенді жүргізілу керектігін айтты.

Талқылау нәтижелеріне сай дөңгелек үстел отрысының қатысушыларымен жер заңнамасын қолданумен байланысты нақты ұсыныстар қабылданды. 

Қайнар: 
Пресс-служба Костанайского областного суда
Тегтер: