Жітіқаралық жігіт өгей әкесінің өліміне күдікті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты 1983 жылы туған күдікті А.-ға қатысты қамаққа алу түріндегі  бұлтартпау шарасын қолданды. 

Сотқа ұсынылған материалдары бойынша, 2015 жылдың 12 наурызында сағат 14.00 шамасында Жітіқара қаласында азамат А. өгей әкесі М.-мен бірге ішімдік ішу барысында туындаған дау нәтижесінде пәтердің жатын бөлмесінде  асханалық пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Алған дене жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болады.

Тергеуші күдіктінің әрекетін ҚР ҚК 99 б. (қасақана кісі өлтіру) бойынша дәрежелеу және қамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қауылылар шығарып, сотқа аталған шараны қолдану туралы өтінішхат жазған. Жітіқара аудандық прокуратурасы бұл өтінішхатқа келісімін берген.

ҚР ҚК 99 б. 1б. бойынша қамау 8 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.   

Источник: 
Жітіқара аудандық соты
Теги: