Арқалық қалалық сотында РФ азаматын елден шығару туралы іс қаралды
Қостанай облысының Арқалық қалалық соты Ресей Федерациясының азаматы М.Сагитдиновты елден шығару туралы шешім шығарды.
Жамбыл облысының Шу аудандық сотының үкімімен М.Сагитдинов 2012 жылы ҚР ҚК-нің 259 бабы 1-1 бөлігі бойынша (есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) 4 жылға бас бостандығынан айырылған.