Қостанай

Қостанай облысының сотында аудандық соттың бас дәрігері мен есепшілеріне қатысты сот үкімі шықты

11/01/2018

Жуырда Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері К.Ержановқа, аурухананың бас бухгалтері А.Жакантаеваға және есепші-кассир Л.Дабаеваға қатысты ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігі, "б" тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Қостанайда сот азаматтың арнайы қоныста болғандығы туралы заңды дерегін анықтады

10/01/2018

Қостанай қалалық сотында 62 жастағы азамат К-ның шағымы бойынша, оның арнайы қоныста болғандығының заңды дерегін анықтау бойынша іс қаралды.

Шағымданушы өз арызын оның ата-анасы саяси қуғын-сүргін кезеңінде 1937 жылы Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесінен мәжбүрлі түрде Қазақстанға қоныс аударғанымен уәждеген. 

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Ашық есік күнін» өткізді

09/01/2018

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында "Ашық есік күні" іс -шарасы өткізілді. Азаматтарды аталмыш сот төрағасы Игорь Дудин қабылдады. Іс-шара азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, сот жүйесінің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етуге, оның оң келбеті мен сот билігінің мәртебесін арттыруға бағытталған.   

Төраға қабылдауында азамат Г. әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот қаулысын орындау мәселесі бойынша сауалын қойды.

Қостанайда алкогольдік масаң күйдегі адамға көлігін жүргізуге берген азамат 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

08/01/2018

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1987 жылы туған азамат С-ға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат С. 2017 жылдың 26 желтоқсанында сағат 00.35 шамасында Байтұрсынов көшесі бойында «Nissan» маркалы автокөлігін масаң күйдегі азаматша Г-ға берген.

Қостанай облыстық сотында «Ел тарихы - тағылым» атты конференция өтті

15/12/2017

       Қостанай облыстық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында судьялардың, сот жүйесі ардагерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Ел тарихы - тағылым» атты конференция өтті.

Конференцияны ашқан Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев сот қауымдастығы қызметкерлерінің рухани тұрғыдан сусындауына бағытталып жүзеге асып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі XX ғасырдың басына дейін қолданыста болған билер соты.

Қамысты ауданында екі баланың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/11/2016

Өзінің 8 жастағы ұлы мен 6 айлық қызына қатысты ата-аналық міндеттерін дұрыс атқармай, жас балаларының тәрбиесі мен оқуына жөнді көңіл бөлмеген Қамысты ауданының тұрғыны Ш. әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 14.30 шамасында Қамысты ауданының Бестөбе ауылында екі баланың анасы өзімен бірге тұратын еркекпен үйінде мас күйінде болған.Осы әрекетімен ол ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1 бөлігімен қарастырылған  әкімшілік құық бұзушылыққа жол берген.

Қостанай облыстық соты мен облыс әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11/07/2016

Бүгін облыс  әкімдігінің  ғимаратында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арасында өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, сонымен қатар облыстық соттың судьялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қостанайда сот көлік жүргізушісіне 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 2 млн. теңге моральдық зиянды өтеу жазасын тағайындады

21/06/2016

Қостанай қаласының № 2 соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни көлiк құралдарын басқаруда жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуда айыпталған 1980 жылы туған Вячеслав Урсанға қатысты сот үкімін шығарды.

В.Урсан 2015 жылдың 16 қарашасында сағат 08.00 шамасында Қостанайдағы «Рассвет» автобус аялдамасының маңында «Mersedes Benz 814» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып қылмыстық менмендік жасап, жолақты жерден жолдан өтпек болған жаяу жүргінші К.Өтеулинді соғып кеткен.

Соғыс және сот жүйесінің ардагерлері құрметіне мемориалдық тақта ашылды

05/05/2016

Бүгін Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай облысының екі аудандық сотында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардақты ардагерлер, Қостанай облысында сот саласында ұзақ жылдар еңбек еткен судьялар  Баймаканов Бекмағамбет Шоқайұлы мен Ермұхамбетов Кенжеғали Өтегенұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Тақтаны ашу салтанатына сот және атқарушы органдар өкілдері, сонымен қатар ардагерлер туыстары қатысты.

Банктерге қомақты қаражат берешек Рудный қаласының тұрғыны шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды

03/05/2016

Жеке тұлғаларға және үш банкке жалпы соммасы 6 млн. теңге қарызданған  рудныйлық 46 жастағы азамат Қазақстан Республикасынан шығуға тиым салу туралы мемлекеттік сот орындаушысының 2013 жылдың 6 тамызындағы қаулысына қарамастан шекарадан заңсыз өтіп кеткен.

Беттер