ресей азаматы

Ресей Федерациясының азаматын елден шығаруға бас тартылды

26/03/2014

Сотқа "Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының ішкі істер бөлімі" ММ Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының К. азаматын шығару арызымен жүгінді. Онда азамат К. 2012 жылғы қазанда қасақана белгіленген құжаттарсыз және тиісті рұқсаты болмай, Жітіқара ауданы Қондыбай ауылында орналасқан кеден бекетінің арнайы күзетін елемей, заңсыз Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен, ол үшін 2013 жылғы маусымда ҚР ҚК-нің 330-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 6 ай мерізмге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалған.