Кәмелетке толмаған тәрбиеленушіге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны және зорлағаны үшін балалар үйінің тәрбиешісі сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған тәрбиеленушіге қатысты зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін бірнеше рет жасағаны үшін балалар үйінің тәрбиешісі Т. Сотталды (ҚР ҚК 120-б. 3-б. 3-2-т. және 121-б. 3-2-т. 3- т.).

 

Сотта анықталды:

 

2019 жылдың мамырынан 2021 жылдың тамызына дейін Т. Рудный балалар үйінің тәрбиешісі лауазымында жұмыс істей отырып, балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісі А-ға қатысты зорлау, сондай-ақ бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сот процесінде сотталушы Т. өзінің кінәсін ішінара мойындап, ол өзінің және кәмелетке толмаған жәбірленуші А. арасындағы 2021 жылы болған жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын, оған ешқандай зорлық-зомбылық қолданбағанын және қауіп төндірмегенін мәлімдеді. Айыптаудың қалған эпизодтары бойынша сотталушы Т. өзінің кінәсін мойындамады.

Қорғаушы тарап соттан сотталушы Т-ның әрекеттерін он алты жасқа толмаған адаммен мұғалім жасаған көрінеу жыныстық қатынасқа жатқызуды сұрады (ҚК-нің 122-бабының 2-бөлігі).

Сотталушы Т-ның ол сотқа берілген қылмыстарды жасаудағы кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші А-ның сақталған айғақтарымен де, куәгерлердің айғақтарымен де, қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде сот сараптамалары мен зерттеулерінің қорытындыларымен де дәлелденді.

 

Жаза бойынша:

 

Прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталушыға Т.-ға педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салумен  түпкілікті 25 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 120-бабы 3-2-бөлігінің және ҚК-нің 121-бабы 3-2-бөлігінің санкциялары белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 17 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

ҚК–нің 55-бабы 2-бөлігінің 3) - тармағына сәйкес жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері аса ауыр қылмыс жасаған кезде-сот ескерген ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.

Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін жағдай деп оның 2 жас баласының барлығын таныды, жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот талқылауында анықталған жағдайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, жазаларды ішінара қосу арқылы сот Т-ға өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салып, ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленуші тараптың жалпы сомасы 1 000 000 теңге болатын азаматтық талабын сот толық көлемде қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты