Рудный қаласының полиция басқармасының қызметкерлері сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен халықтың денсаулығына қарсы аса ауыр қылмыс және Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын  жасағаны үшін бұрынғы  полиция қызметкерлері  Т. және С. сотталды (ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі, 297-бабы 3-бөлігі 1,4 т., 362 бабы 4-тармағы).

Сотпен анықталды

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлар тобының полиция инспекторы Т.  құрамында криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі С. бар адамдар тобында жәбірленуші П. - ны қасақана қылмыстық жауапкершілікке тартып, бас бостандығынан айыру орындарына жібереміз деп қорқытып, оны  есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын сату және сату мақсатында сатып алу, сақтау, тасымалдау, қылмыстық қызметпен айналысуға көндірді. Қылмыстық іс-әрекеттің қарқынын арттыруға, сондай-ақ оларға жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде ақша қаражатын беруге міндеттейді.

Билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған  полиция қызметкерлері С.және Т.  өздері үшін материалдық пайда алу мақсатында жәбірленуші П. - дан әр түрлі мөлшерде ақша алды. Кезекті 25 000 теңге көлемінде ақша алу кезінде оларды полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы  қызметкерлері ұстайды.

Сотта сотталушылар кінәсін мойындамады, жауап беруден бас тартты.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші П. - ның айғақтарымен де, куәгерлердің айғақтарымен де, қылмыстық істің жазбаша материалдарымен (тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен) дәлелденген.

Жаза бойынша

Сот жарыссөздерінде прокурор сотталушылардың әрекеттерін ҚК - нің 28 б. 4 бөл., 297 б. 3 бөл. 1,4 т.  366 б.  3-бөл. 1, 2-тармақтары бойынша саралап, С. - ға 14 жыл бас бостандығынан айыру, Т. -ны 13 жыл бас бостандығынан айыру, қосымша жаза тағайындай отырып  - мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот сотталушылардың әрекеттерін ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігі,1- 4 тармағы,  362-бабының  4 бөліні 3-тармағы бойынша саралаған.

Қабылданған антты бұзу түріндегі жазаны ауырлататын мән - жайлардың болуын , ал жазаны  жеңілдететін мән - жайлардың болмауын ескеріле отырып, сот үкімімен  С.  13 жылға, Т. 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Олар  жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары Қылмыстық - атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқықтарынан айырылды.

Сондай – ақ,  сотталушы  Т. полиция лейтенанты шенінен, С. полиция сержанты шенінен айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қостанай облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты