Архив событий

20/12/2013

Сатып алушыға былапыт сөйлегені үшін

20/12/2013

Қашар кентінде орналасқан сауда үйінде сатып алушыға былапыт сөздер айтқан сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рудный қаласының № 2 сотының қаулысымен сатушыға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 330 бабының 1 бөлімі бойынша 5 193 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

Президент Жарлығы шықты

20/12/2013

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «ҚР соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 710 Жарлығына сәйкес, Қостанай облыстық сотының судьясы Рақымбай Салықбаев және Жітіқара аудандық сотының судьясы Людмила Гончарова құрметті демалысқа шығуларына байланысты, Қостанай аудандық сотының судьясы Елена Марар өз тілегі бойынша судья лауазымдарынан босатылды.

Мемлекет қаржысын қайтаратын болды

20/12/2013

Қамысты аудандық сотының шешімімен « Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту Орталығының» жауапкер У-ден оқуға жұмсалған шығынды өтеу туралы талап арызы толықтай қанағаттандырылды.