Архив событий

24/12/2013

Құрметпен шығарып салды

24/12/2013

Бүгінгі Қостанай облыстық сотында өткен пленарлық мәжіліс әдеттегідей күнделікті жұмыс барысы жөнінде емес, жиналған қауымның көңілін сергітер өзгеше бір мерекелік сипатта өтуімен ерекшеленді.

Облыстық соттың төрағасы Ғалымжан Мырзаке Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Қостанай облыстық сотының судьясы Рақымбай Салықбаевты құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, сот жүйесіне сіңірген ерен еңбектерін, кәсіби шеберліктерін атап өтіп, сот қауымдастығының атынан алғыс хат табыстады.