Архив событий

23/12/2013

Жемқорлық қылмыстық іс түсті

23/12/2013

Жітіқара аудандық сотына «Жітіқара политехникалық колледжінің» бас есепшісі К.-ні Қылмыстық Кодекстің 176 бабы 3 бөлімі «б, г» тармағы және 314 бабы 1 бөлімі бойынша айыптау туралы қылмыстық іс түсті.

Тергеу органдарымен К. аталған колледждің бас есепшісі қызметінде отырып, қызметтік бабын пайдаланып, өзіне пайда табу үшін ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізе отырып, өзіне сенiп тапсырылған бір миллионнан астам теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын иеленіп алып, ысырап етіп мемлекетке материалдық залал келтірген деп айыпталып отыр.