Архив событий

15/12/2014

Миллион қымқырған алаяқ ісі қаралуда

15/12/2014

Лисаков қалалық сотында ҚР ҚК 177 бабымен көзделген қылмыс, яғни, 17 эпизод бойынша алаяқтық жасап, өзгенің 21 480 000  теңге қаражатын қымқырғаны үшін айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

 

Зертхана жұмысы тоқтатылды

15/12/2014

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты  «ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агентігінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Лисаков қаласының тұтынушылардың  құқықтарын қорғау  басқармасы» РММ-нің жауапкер «Лисаков қалалық ауруханасы» КМК-не тексеріс кезінде анықталған қателіктерді жойып, тиісті комиссияның санитарлық-эпидемиологиялық рұқсат алғанға дейін  клинико-диагностикалық зертхана жұмысын тоқтату туралы талап арызын қарастырды.

Жеңгетайлығы үшін жауапты

15/12/2014

Қостанай қаласы № 2 сотында ҚР ҚК 271 б. 2 бөл.  Көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Т. мен Ч. қатысты қылмыстық іс қаралуда.