Архив событий

12/12/2014

Құрметке лайық деп танылды

12/12/2014

 Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында облысты судьялары мен сот жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараны ашу кезінде сөз алған  облыстық сот төрағасы Ғалымжан Мырзаке  Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарыс қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданатынын атап өтті.

Жол –көлік оқиғасы салдарынан қаза болған

12/12/2014

 Таран аудандық сотының өндірісіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 б. 2 б. - көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соғуы бойынша айыпталған Таран ауданының тұрғыны азамат Георгий Ц.ға қатысты қылмыстық іс түсті.