Миллион қымқырған алаяқ ісі қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Лисаков қалалық сотында ҚР ҚК 177 бабымен көзделген қылмыс, яғни 17 эпизод бойынша алаяқтық жасап, өзгенің 21 480 000  теңге қаражатын қымқырғаны үшін айыпталған Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, Лисаковск қаласында азамат Ш. 2013 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың қаңтарына дейін өзгенің ақшасын алдап алу мақсатында өзіне жүгінген азаматтарға пәтер іздеуге көмек көрсету жайлы жалған келісім шарт жасаумен айналысқан.

«БТА банк» ғимаратының екінші қабатында жұмыс кеңсесін ашқан айыпталушы сатып алу үшін пәтер іздегендерге көмек көрсетем деп, олардые ірі көлемде қаражат алып отырған.  

 

Источник: 
Лисаков қалалық соты