Архив событий

03/07/2017

Қостанайда сот үстіне темір қоршау құлаған зейнеткер пайдасына 300 мың теңге өндірді

03/07/2017

Үстіне темір қоршау құлаған Қостанай тұрғыны қоршауды орнатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестікке сотқа шағымданды. 

Оқиға ағымдағы жылдың 7 мамырында Майлин көшесінде орын алған. Көшеде "АБЗ плюс" ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сол күні ауа райы суытып, жел соғып тұрған. Жол бойынан өткен зейнеткердің үстіне темір қоршау құлап, нәтижесінде ол жарақат алып, тобығы сынған.