Архив событий

11/07/2017

Қостанайда 15 млн. теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді

11/07/2017

2014 жылғы 10 наурызда талапкер мен ЖШС арасында қарыз шарты бекітіліп, оның талабына сай талапкер  ЖШС-ке арнайы техника алу үшін және айналымдағы қаражатты толықтыруға 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде қарыз ақша берген. Қаражатты алушы  жауапкер қолхат берген.

Алайда, қарызды қайтару мерзімі келгенімен серіктестіктен бүгінгі күнге дейін ақшасын ала алмаған  азамат сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Ол кезеңде қарыз соммасы 15 млн. теңгені құраған.

Лисаков тұрғыны сотта жас жігіттің баласының әкесі екенін дәлелдеп, одан алимент өндірді

11/07/2017

Лисаков тұрғыны 21 жастағы жігіттің 2016 жылы туған қызының әкесі екенін анықтап, одан алимент өніру туралы шағымымен сотқа жүгінген. Шағымданушы азамашта жігітпен 2015 жылдың жазында танысқан. Ұзаққа созылмаған қарым-қатынастан кейін ол 2016 жылдың 16 наурызында қыз баланы дүниеге әкелген. Ал жігіт баланың әкесі екенін мойындаудан бас тартып, оны тәрбиелеуде көмек көрсетуден бас тарқандықтан жалғызбасты ана сотқа шағымданған.