Архив событий

27/07/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев жұмыс сапарымен Таран аудандық сотында болды

27/07/2017

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау мақсатымен Таран ауданына іссапармен барды.

Жиынға Таран ауданының әкімі Бақберген Өтеулин, аудандық сот төрағасы Сабыр Тажкенов, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында ағымдағы жылдың алты айында сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі нәтижелері мен істерді қарауда заңдылықтардың сақталуы мәселелері айтылды.

Жангелдин аудандық соты жарты жылдың жұмысын қорытындылады

27/07/2017

Жангелдин аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Кожаков  аудандық соттың 2017 жылғы алты айында сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша брифинг өткізді. Аталған іс шараға аудандық «Біздің-Торғай» газетінің тілшісі А.Мұстафа  қатысты.

Іс-шара барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштер айтылды.

2017 жылдың  6  айында  12 тұлғаға қатысты 11 қылмыстық іс, 193 азаматтық іс, 74 әкімшілік істер қаралған.