Колледж студенттерімен «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арқалық қалалық сотында сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, Арқалық көпсалалы колледжінің заңгер мамандығының студенттерімен «Ашық есік» күні өткізілді.

 Кездесу барысында судья С.А.Ержанов студенттерге сот жүйесі, сот жүйесін жаңғырту, сот ісін жүргізу ерекшеліктері, әкімшілік әділет, сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, татуластырушы судьялардың жұмысы, кәмелетке толмағандардың құқықтары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың  алдын-алу мәселелері туралы түсіндірді.

Кездесудің соңында студенттер сот жүйесіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.

Источник: 
Арқалық қалалық соты