Баспасөз-орталығы

Көңіл айтамыз!

17/04/2015

Қостанай облыстық сотының қауымдастығы отставкадағы судья Говорун Владимир Сергеевичтің мезгілсіз қайтыс болуына орай оның жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қостанай облыстық сотында журналистерге арналған брифинг өтеді

07/04/2015

Оныншы сәуірде сағат 11.00-де Қостанай облыстық сотында «2015 жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысының соттарының сот төрелігін жүзеге асыруы» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтеді. Шараға  апелляциялық сот алқалары төрағалары А.Шәмшиев пен Д.Шипп, судья этикасы жөніндегі комиссия төрағасы В.Шакун, «Қостанай облыстық соты кеңсесі» ММ басшысы Н.Қатарбеков қатыстады.

БАҚ өкілдеріне

13/01/2015

Ертең, 14 қантарда сағат 12.00-де Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында  2014 жылдың 12 ай бойынша сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша, сонымен қатар қоғамдық резонанс тұдырған қылмыстық істер бойынша сот төрағасы А.Ф.Жұмағұлов пен сот судьялары  брифинг өткізеді.

БАҚ өкілдеріне!

09/01/2015

2015 жылдың 13 қантарында сағат 15.00-де Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі  70 мекен-жайында орналасқан Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында, 2014 жылдың 12 ай бойынша сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша, сонымен қатар қоғамдық резонанс тұдырған азаматтық істер бойынша брифинг өткізіледі.