Ауыл тұрғынын соққыға жыққандардан моральдық залал өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Әулиекөл ауданының тұрғыны Н. жауапкердің тұрғылықты жері бойынша Қостанай қалалық сотына жауапкерден моральдық шығынды өндіру туралы шағымымен жүгінді.

2016 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 18.30 шамасында Әулиекөл ауылында бұзақылық ниетпен бес жігіт Н-ды соққыға жығады. 

Жауапкерлердің қылмыстық әрекет нәтижесінде талапкердің денсаулығына нұқсан келтіріліп, автокөлігін бүлдіріп, 40 мың теңге шығын келтірген.

Жауапкерлердің кінәсі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1-бөлімшесі бойынша оларға қатысты қозғалған қылмыстық іспен дәлелденіп отыр.

Дене жарақатын алған жәбірленуші моральдық тұрғыдан зардап шеккен. Істі қарау нәтижесі бойынша сот жауапкерлерден талапкер Н. пайдасына моральдық шығын ретінде 70 мың теңге және сот шығынына кеткен 25 мың теңге өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі