Бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына Қостанай облысының ІІД жол-патрульдік полициясының бұрынғы қызметкері 1991 жылы туған азамат Виталий Бочаревқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 416 бабы 2 бөлімі бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалауда айыпталған болатын.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 26 шілдесінде жолдағы патруль құрамында кезекшілік еткен Бочарев  полиция қызметінің «Interface» мәліметтер базасынан Е.Перескокова атты азаматшаны табады. Қолындағы қатаң есепті бланкке азаматша Е.Перескокованы әкімшілік құқық бұзушылық жасауы туралы қаулы толтырған.

Өзінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын кездейсоқ білген азаматша Қостанай қаласының ІІБ жүгінген. Ал Бочаров өз қылмысының ізін суытпақ болып Перескоковамен бірге аталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 9910 теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Сонымен қатар айыпталушы жеке сот орындаушысының қызметі үшін 2578 теңге көлемінде төлем жасаған. Осылайша полиция қызметкері азаматша Перескокованы заңсыз жауапкершілікке тарып, заңды мүддесіне нұқсан келтірген.

Сот үкімімен В.Бочаров ҚР ҚК-нің 416 бабы 2 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу және 3 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі