Еңбек даулары мен жария құқықтық қатынастар дауларды алдын алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыкөл аудандық сотында «Еңбек даулары мен жария құқықтық

қатынастар дауларды алдын алу» пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде дөнгелек үстел өткізілді. 

Іс-шараға аудандық прокуратура, мемлекеттік және коммуналдық органдардың өкілдері, адвокаттар, кәсібі медиаторлар, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары қатысты.

Судья Ш. Накипова баяндама жасай отырып, жоба төрелік , медиация, партисипативтік рәсім, сондай-ақ келісу, бітімгерлік комиссиялар, еңбек төрелігі сияқты даулар мен жаңжалдарды реттеудің соттан тыс және сотқа дейнгі әдістерініңқажетілігіне байланысты соттарда еңбек дауларын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Пилоттық жоба шеңберінде жария даулар үшін өтініш берушінің келісімімен жоғары тұрған орғандарға алдын ала жүгіну өзекті болып табылады. Осы мақсатта еңбек даулары жөніндегі мәселелрді шешуді кәсіподақтар өкілдерін тарта отырып жүзеге асыру керек.

Судья Ш.Накипова мүдделі органдарды жария құқықтық қатынастардан туындайтын еңбек даулары соттан тыс немесе сотқа дейнгі тәртіпте реттеуге, тараптардың келісіміне қол жеткізуге көбірек мүдделілік танытуға, дауды сотқа тыс реттеудегі артықшылықтарды түсіндіруге шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасты және ұсыныстарды әзірледі.

Источник: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі