Қамысты ауданының тұрғыны 46 жасар танысын өліміне айыпталушы 9 жылға сотталды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99б. 1 б., 188 б. 1б.( адам өлтіру, тонау) айыпталушы 32 жастағы А.Ре,рихке қатысты қылмыстық істі қарады.

            Істің материалдары бойынша, осы жылдың 20 қазанында сағат шамамен 19.00 Рерих Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Арқа ауылында орналасқан тұрғын емес пәтерде өзінің 46 жастағы танысымен Г бірге алкогольдік ішімдік ішкен.

            Ішімдік ішу барысында аталған тұлғалар арасында ұрыс пайда болып, Рерих танысы Г осы жылдың мамыр айында қарызға алған 20 мың теңге ақшасын үзақ уақыт қайтармай жүргенін айтады.

            Азаматша Г өзінің бірге тұрып жатқан жолдасын Қостанай облысртық накологиялық диспансерден шығарғанннан кейін қарызды қайтарам деп уәде береді.

            Бірақ, Рерих танысының айтқан сөзіне сенбей ақшаны ұзақ уақыт қайтармағаны үшін ашуланып, екі қолымен танысының мойнынан қысып тыныс алу жолдарын жауып тастайды.

            Азаматша Г дем алмай еденге құлап түскеннен кейін, Рерих жәбірленушінің денесіне және басына аяқпен соққы жасайды. Содан кейін өмірге деген ешбір белгіні көрмеген Рерих жәбірленушіні сол пәтердің жерқоймаса лақтырып, үстін тақтайшалармен жауып тастайды.

            Азаматша Г өлтірген соң, Рерих бағасы 5 мың тұратын ұялы телефонды ұрлап кетеді.

            Екі күн өткен соң, Рерих бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен өзінің танысы, Арқа ауылының тұрғыны Ж хабарласып, қараусыз қалған үйдің жерқоймасынан әйел мәйәтән тауып алқанын айтады. Азамат Ж өзінің жолдасымен мәйіт табылған жерге келіп, учаскелік полиция инспекторына хабарлап, болған мән-жайды айтады.

            Рерихтен жауап алу барысында адам өлтіргенін және ұялы телефонды ұрлағанын мойындайды.

            Сот үкімімен А.Рерих қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару мекемесіндегі максималды өауіпсіздік тәртібінде жазасын өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

            Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда