Қарабалық тұрғыны сора шеккені үшін 70 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарабалық аудандық сотының үкімімен қылмыстық  теріс қылық жасаған 18 жастағы жігітке 70 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде сағат 11.30 шамасында азамат Е. Қарабалық ауылындағы Тоғызақ өзенінің шомылуға арналған бөлігінде киім ауыстыру кабинкасында медициналық мақсатсыз сора түріндегі есірткі затын пайдаланған. Шыны түтікшемен өсімдікті шеккен.

Азамат Е. Қазақастан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 бабының 1 бөлімімен қарастырылған теріс қылықты жасауда айыпты деп танылды.

Жазаның орындалуын бақылау сотталушының тұрғылықты жері бойынша пробационалдық бақылау қызметіне жүктелді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.    

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі