сот

Арқалықта сот екі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім баланың анасын жұмысқа қайта алды

11/09/2017

 Арқалық қаласының тұрғыны «Арқалық жылу энергия компаниясы» МКК-ға жұмысқа қайта алу мен мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру туралыарызымен сотқа жүгінді.Аталған ұйымда ол 16 жыл жұмыс істеген. Әйелекі кәмелет жасқа толмаған жасөспірім баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрып, оларды жалғыз өзі тәрбиелеуде.Балаларының бірі мүгедек.

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Ашық есік күнін» өткізді

23/08/2017

 Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті.

Азаматтарды әкімшілік соттың төрағасы Игорь Игоревич Дудин қабылдады. Іс шара тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату және сот жүйесіне сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. 

Арқалықта марихуана сақтаған әйел 180 сағаттық қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылды

11/01/2017

Жанжал шығарған өзімен бірге тұратын адамды жөнге салмақ болып учаскелік инспекторды үйіне шақырған  әйелдің өзі істі болды.

Өткен жылдың 9 қазанында Арқалықтың 44 жастағы тұрғыны В. өзімен бірге тұратын еркекпен ренжісіп үйіне полция қызметкерін шақырады. Үйге келген тәртіп сақшысы алкогольдік мас күйдегі үй иелерінің құжаттарын талап етеді. Азаматша В. шкафты меңзеп сол жерде тұрғанын айтады.

Қамысты ауданында екі баланың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

10/11/2016

Өзінің 8 жастағы ұлы мен 6 айлық қызына қатысты ата-аналық міндеттерін дұрыс атқармай, жас балаларының тәрбиесі мен оқуына жөнді көңіл бөлмеген Қамысты ауданының тұрғыны Ш. әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 14.30 шамасында Қамысты ауданының Бестөбе ауылында екі баланың анасы өзімен бірге тұратын еркекпен үйінде мас күйінде болған.Осы әрекетімен ол ҚР ӘҚБтК 127-бабы 1 бөлігімен қарастырылған  әкімшілік құық бұзушылыққа жол берген.

Екі жүргіншіні көлікпен соққан жүргізушіге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

27/10/2016

Бүгін Қостанай облыстық соты сотталушы Леван Твалабеишвилидің адвокатының және сотталушы кінәлі жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандардың ата-аналарының апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық істі қарады

Адвокат өз шағымында бірінші инстанциялы сот үкімін жойып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Ал жәбірленушілер ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (көлiк құралдарын басқарушының көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет) барынша қатаң жаза талап еткен.

Қостанай облыстық соты мен облыс әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11/07/2016

Бүгін облыс  әкімдігінің  ғимаратында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арасында өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, сонымен қатар облыстық соттың судьялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ауыл тұрғыны марихуана шеккені үшін 60 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылды

27/06/2016

Қостанай облысының Наурызым ауданының тұрғыны марихуана тартқаны үшін 60 сағат қоғамдық жұмыс істеу түріндегі жазаға тартылды.

Наурызым аудандық соты ҚР ҚК-нің 296-бабы 1 бөлігі (есірткі затын медициналық емес қолдану) бойыншы қылмыстық әрекетті жасаған азамат Д-ға қатысты істі қарады. Полиция қызметкерлері 14 маусымда сағат 19.00 шамасында қоғамдық орында есірткі затымен толтырылған шылымды шеккен 25 жастағы Д-ны тоқтатқан.

Жангелдин ауданында екі медиация кабинеті ашылды

14/06/2016

Жангелдин ауданында Торғай ауылы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДПҚБ-нің ғимараттарында медиация кабинеттері ашылды.

Аудандық соттың бастамасымен жүзеге асырылған медиация кабинетінің ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясының Жангелдин аудандық филиалы төрағасының орынбасарыны Р.Ахметжанов, Торғай ауылының әкімі Г.Сүндетбаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Бірмағамбетов қатысты.

Қостанай қалалық №2 сотына 6 жастағы бала қазасына кінәлі деп айыпталған көлік жүргізушісіне қатысты іс түсті

20/05/2016

Қостанай қалалық №2 сотына 1988 жылы туған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Ол ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуында айыпталып отыр.

Соғыс және сот жүйесінің ардагерлері құрметіне мемориалдық тақта ашылды

05/05/2016

Бүгін Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай облысының екі аудандық сотында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардақты ардагерлер, Қостанай облысында сот саласында ұзақ жылдар еңбек еткен судьялар  Баймаканов Бекмағамбет Шоқайұлы мен Ермұхамбетов Кенжеғали Өтегенұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Тақтаны ашу салтанатына сот және атқарушы органдар өкілдері, сонымен қатар ардагерлер туыстары қатысты.

Беттер