Қарақшылық пен екі кісі өліміне кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі мәрте қарақшылық жасап, екі адамды өлтірді деп айыпталған 1988 жылы туған Максим Корякинге, 1987 жылғы Максим Захарченкоға және 1987 жылы туған Николай Чупринға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 17 желтоқсанында Қостанай ауданының Затабол кентінде бұған дейін бірнеше рет сотталған Захарченко, Чуприн, Корякин таныстары Л.Щербаковтың үйінде ішімдік ішкен. Келген қонақтар үйден үлкен көлемді құнды теледидарды байқап, оны ұрламақ болады.

Алкогольдік ішімдікке мас Корякин асүйде пәтер иесімен қасақана жанжал шығарып, көп сөзге келмей Щербаковты ұрып-соға бастайды.

Кейін қылмыстық әрекетін жаластырған Корякин жәбірленушіге 15 мәрте пышақпен жарақат салған. Қылмыстық әрекеттен кейін келген қонақтар пәтерден құны 314 мың теңге болатын мүлікті ұрлап кетеді.

Арада бірнеше күн өткен соң 20 желтоқсанда сағат 18.00 шамасында Большая Чураковка ауылынан Затабол кентіне қайта оралған Корякин мен Захарченко соңғысының танысы Василий Щербаковтың үйіне ішімдік ішуге келеді. Ішімдікке мас болған қонақтар зейнеткерді де ұрып-соғып, пышақтап, құны 352 565 теңге болатын мүлікті еншілеп кетеді. 

Сотталушылар ұрланған заттарды төмен бағамен сатып, қаражатты өз қажеттеріне жұмсаған.

Сот үкімімен Максим Корякин ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 1,2 тармақтары, 99 бабы 2 бөлігі 13 тармағы, 200 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша айыпты деп танылып, оған қатаң тәртіптегі колонияда 24 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Максим Захарченкоға ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 1,2 тармағы, 200 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша  жалпы тәртіптегі колонияда 6,5 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Николай Чуприн ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша  жалпы тәртіптегі колонияда 4,5 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сот жәбірленуші тарапқа жалпы мөлшері 354 мың теңге материалдық, 4 млн. теңге моральдық залалды өндірді.

Сот өкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі