Қариялар құрметке лайық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 қазан - Қариялар күніне орай Аманкелді аудандық сотының төрағасы Т. С. Байкин мен судья Н. Т. Малелова аталмыш мерекемен зейнеткерлер Әлібаев Қайырбек пен оның зайыбы Рысалдина Шәкенді құттықтады.

Қарияларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген судьялар оларға сыйлықтар табыс етті. Бұл іс-шара жыл сайынғы  дәстүрге айналған. Көп жылдар бойы сот орындаушысы болып адал қызмет атқарған Қайырбек ақсақал өз отбасымен аудан орталығында тұрады. Құрметке бөленген қариялар ризашылықтарын білдіріп, сот төрелігін атқару жұмысында мол жетістіктерге жете беруді тіледі.

Источник: 
Аманкелді аудандық соты