Қарызды және айыпақы өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

Қостанай облысының МАЭС талапкер «В» АҚ-ның жауапкер «Г» ЖШС-не 54 732 559 теңге  мөлшерінде қарызды және 24 062 378 теңге мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өндіріп алу азаматтық ісі қарастырылды.

Сот отырысында, талапкер мен жауапкердің арасында  бағалы металдардан құралатын кеңді қамтамасыз ету туралы келісім-шарт саланған.Талапкер жауапкердің счетына 50 000 000 теңге көлемінде қосымша ақыны енгізген, бірақ, жауапкер өз міндетін орындамаған.

Сонымен қатар, істің материалдарында, тараптардың арасында займа келісім-шарты жасалған, яғни келісімге сәйкес, 4 560 000 теңге мөлшерінде  талапкер жауапкерге займа мөлшерін қаматамасыз еткен.  Жауапкер 2014 жылдың 15 қаңтарына дейін займа соммасын және процентін қолданғаны үшін қайтаруға міндеттелген, бірақ, осы уақытқа дейін өз міндетін орындамағаны жөнінде анықталды.

Сот 54 732 559 теңге мөлшерінде қарыз соммасын, 5 500 000 теңге мөлшерінде тұрақсыздық төлемін, 1 806 977 теңге мемлекеттік бажға, барлығы 62 039 536 теңге өндіріп талапты бірен-саран қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.