азаматтық іс

Іс бітімгершілікпен аяқталды

31/10/2014

 

 

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер «Р» ЖШС-ің жауапкер «Д» ҚО-іне 732 108 теңге мөлшерінде қарызды өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Моральдық зиянды өндіру туралы іс қаралды

28/10/2014

 

 

2014 жылғы 28 қазанда Қостанай қалалық соты  азамат Ш-ның пайдасына жауапкерлер азамат А-дан, «ҚР ІІМ Қостанай облысының ішкі істер департаменті» ММ және «ҚР ҚМ Қостанай облысының қазынашылық департаменті» ММ-нен 100 000 теңге көлемінде моральдық шығынды, 10 000 теңге өкілдің шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды.азаматтық

Қарызды және айыпақы өндіру

24/10/2014

 

 

Қостанай облысының МАЭС талапкер «В» АҚ-ның жауапкер «Г» ЖШС-не 54 732 559 теңге  мөлшерінде қарызды және 24 062 378 теңге мөлшерінде тұрақсыздық төлемін өндіріп алу азаматтық ісі қарастырылды.

Сотты құрметтемеуге байланысты жауапкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/09/2014

Талапкер К. жауапкер А.-ға мүлікті бөлу туралы сотқа талап арызымен жүгінді. Аталмыш азаматтық іс жаупкердің кінәсімен бірнеше рет кейінге қалдырылды.

Мәселен, жоғарыда айтылған азаматтық іс бойынша сот отырысы 2014 жылғы 11 тамызда сағат 14.00 минутқа тағайындалды, алайда сот отырысының уақыты және орны белгіленген сот шақыруын өз қолына алу арқылы ескертілген жауапкер, белгісіз себептермен сот отырысына келмеді, осыған орай сот істі  2014 жылғы 09 қыркүйекке кейін қалдырды.

Жұмысына қайта қабылдады

15/09/2014

2014 жылғы 11 қыркүйекте Федоров аудандық сотында  азаматша Р. дың «Пешковский КХП» ЖШС –не  жұмысқа қайтадан алу, амалсыздан жұмыссыз жүрген күндеріне орташа еңбек ақысын өндіру туралы азаматтық іс қарастырылды.

Сот отырысында ҚР АІЖК-нің 247 бабы 4-1-т негіздері бойынша жауапкер өкілі мен талапкерден  кәсіпқой медиаторымен азаматтық істі тоқтату, медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісіммен бекіту туралы өтініш түсті.

Сот медиациясы тәртібінде дауды реттеу туралы келісім

04/09/2014

2014 жылдың 23 шілдесінде Қостанай қалалық сотына талапкер Б-ның К-ға ЖКО салдарынан болған шығынды өндіріп алу туралы талап арызы келіп түсті.

Талапкер өз талабында 2014 жылдың 26 мамырында ол өз автокөлігімен Қайырбеков көшесімен келе жатқанын көрсеткен. Бұрылыста өз кезегін күтіп тұрғанда, көлігінің артқы жағынан өзге тұлғаға тиесілі автокөліктің соққысы тиеді, нәтижесінде бірнеше автокөліктер соқтығысады. Мәлімдемеден және бейне таспа тіркеушісінен көрінгендей, ЖКО кінәлі жауапкер К. болған.

Иелену мерзімі

28/08/2014

27.08.2014 ж. Федоров аудандық сотында арыз беруші азаматша Я. иелену мерзімі бойынша тұрғын үйіне құқық меншігін тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ол  2005 жылы тұрғын пәтерін сатып алған, бірақ пәтерді уақытында өз атына тіркемеген. Азамат Я. сол пәтерде  9 жыл тұрады, барлық коммуналдық төлемдерін төлеп, өз мүлігіндей ашық пайдаланады.

Сот шешімімен  арыз толық қаңағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеді.         

Дауды медиатордың қатысуымен медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді

28/08/2014

Қостанай облысының МАЭС-мен талапкер «К» ЖШС-нің жауапкер «С» ЖШС-не 9 366 500 теңге мөлшерінде емханалық тазарту қызметі көрсетілгені үшін қарызды өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Билет туралы істер

25/08/2014

Азамат К. сотқа Лисаков қаласында барлығына таныс азамат М-ге оған және оның жұбайына Германияға баратын және сол жақтан қайтатын билеттер рәсімдеді, олар сол жаққа ешқандай қиындықсыз жетті, бірақ оларға әуежайда: «тағы да М арқылы», «қайтатын билеттің дұрыстығын алдын ала тексеруді ұмытпаңыздар» деп айтты. Қазақстанға ұшардың алдында олардың атына билеттердің болмағанын және оны азамат М-нің неліктен қайтарғаны туралы мәлімет болған жоқ. Бір жарым жыл азамат К. бір ғажапты күтіп отырды, бірақ ол ғажайып болған жоқ, сондықтан сотқа жүгінді.

Беттер