Кассациялық сот алқасы МСҚБ департаментінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот үкімін өзгертті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, 9 шілдеде Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасы прокурор наразылығы және сотталушылар шағымы бойынша «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» басшысы А. Ен және оның қарамағында жұмыс істеген қызметкерлерге  қатысты қылмыстық істі қайта қарады.

Іс материалдары бойынша, Александр Ен  құрамында өзінің орынбасары Е.Ағытаев, бөлім басшысы К.Қасенов және маман Н.Чемпалова кірген қылмыстық топ құрған.

Аталған топ құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия беру мәселесін оңтайлы шешу үшін  кәсіпкерлерден тұрақты түрде ақшалай сайақы алып отырған. Лицензия құны үш сатыға бөлініп, 2000 доллардан  10 000 долларға дейін бағаланған.

Жалпы 2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың наурыз айы аралығында топпен шамамен 32 мың АҚШ доллары заңсыз алынған.

Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасы апелляциялық сот алқасының қаулысын өзгертті.

 Сотталушылар Е.Ағытаев пен Н.Чемпаловаға жалпы тәртіптегі түзету колониясына 3,5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.

Басқа бөлімдерде сот үкімі өзгертілмеді.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі