Әкелікті даулау туралы талабы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Б. азаматша С. қатысты 11.11.2011 жылы туған кәмелеттік балаға қатысты әкелікті даулау туралы талап арызымен сотқа жүгінді. Сот мәжілісі барысында талапкер талаптарын толық қолдап, жауапкермен азаматтық некеде болғанын сотқа мәлімдеді. Бірге тұрғанда жауапкер бала туған. Бала туғаннан кейін ол балаға қатысты әкелікті таныған. Содан кейін, талапкер жауапкердің оның алдында бірге тұрған жігіті болғанын білген. Алайда, олар бірге тұра алмаған. Әрі қарай туған балаға қатысты өзінің әкелігі бойынша күмән туғанын айтты. Соттан талапты қанағаттандыруды және жауапкерден барлық сот шығындарын өндіріп алуды сұрады.

Жауапкер азаматша С. сот мәжілісінде талапкердің талаптарын толық мойындады, онымен азаматтық некеде болғанын растады, басқа түсініктер беруден бас тартты. Тараптардың өтініштеріне байланысты молекулярлы-генетикалық сот сараптамасы өткізілді. Сарапшының қорытындысы негізінде талапкер азамат Б.-ның  кәмелеттік жасқа толмаған 11.11.2011 жылы туған Г. балаға қатысты биологиялық әкелік болмайтыны көрсетілді.

Рудный қаласы №2 сотының шешімімен азамат Б.-ның жауапкер азаматша С.-ке қатысты әкелікті даулау туралы талабы толық қанағаттандырылды. Азамат Б. кәмелеттік жасқа толмаған 11.11.2011 жылы туған Г. баланың әкесі еместігі анықталды, сонымен қатар жауапкерден талапкердің пайдасына 215828 теңге құрайтын сот шығындары өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.