Киіктің мүйізін сатып пайда таппақ болған Қостанай облысының тұрғыны сотты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қоғам қатары сиреп Қызыл кітапқа енген киіктің жаппай қырылуының себебін іздеп дабыл қаққанда, Аманкелі ауданының тұрғыны бұл жағдайдан пайда таппақ болып  өлген екі киіктің мүйізін сату мақсатымен сындырып  алып жасырған.  

Іс материалдары бойынша, 2015 жылдың мамыр айының 19-ші жұлдызы күні Аманкелді ауданы Үрпек ауылдық округіне қарасты «Жолаба» жерінде өлген киік мүрделерін жинаған 1977 ж.т. Е.Сыздықов қасақана, 2 киікке тиесілі 4 дана мүйізді өз бас пайдасына жаратамын деген оймен сындырып алған. Сот-биологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған мүйіздер киік- saiga tatarica жануарының текесіне тиесілі.

Сот мәжілісі барысында сотталушы өзінің жасаған іс-әрекетін мойындап, оған шын жүректен өкінетінін көрсетті. Ол ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Аманкелді аудандық соты