Қостанай қалалық соты жол-көлік оқиғасының қатысушыларын татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2018 жылдың 30 қыркүйегінде М.«Peugeot» автокөлігін айдап келе жатып, алдыда жүріп келе жатқан автокөлікпен ара қашықтықты сақтамай, «DaewooMatiz» маркілі автокөлікпен соқтығысты, М. айдап келе жатқан, соның нәтижесінде, соңғысы Ю.-ды қағып кетті.

М., әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ӘҚБжҚРК-нің 610 б.2 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ұзақ мерзім аралығында Ю. ұзақ уақыт емделуден өтуге мәжбүр болды, осыған байланысты, 500 000 теңге көлеміндегі соманы М.-нан өндіріп алу туралы талап арызымен Қостанай қалалық сотына жүгінді.

Талап қоюшы талаптарын, ЖКО нәтижесінен күнделікті бас ауруы, ұйқысыздық түріндегі тән азабын бастан өткізуімен және де әлі күнге дейін емделуін жалғастырып жүргендігімен қолдады. Сонымен қатар, талап қоюшы, бала кезінен мүгедек болып табылатын өзінің немересінің қорғаншысы болып табылады

Сот отырысы нәтижесінде, тараптар таңдаған татуластырушы-судья Б.Е.Канкулованың көмегімен тараптардан дауды шешу келісімді бекіту туралы өтінішхаты келіп түсті, осының нәтижесінде тараптар өзара келісімге келді.

Талап қоюшы Ю., талаптарынан бас тартты,өз кезегінде жауапкер, 2019 жылдың 29 маусымына дейін, 100 000 теңге көлеміндегі соманы төлейді.

Медиативтік келісім сотпен бекітіліп, азаматтық іс бойынша өнідіріс тоқтатылды.

 

Источник: 
Қостанай облыстық Сотының Баспасөз қызметі