Қостанай қалалық сотында "Сот кабинеті" сервисі қызметін пайдалану жайы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисін қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті. Шараға «Сот кабинеті» сервисін қолданбайтын заңды тұлғалар өкілдері шақырылып, оларға алдағы уақытта сервис қызметін пайдалануды ұсыну мақсатымен оның жұмысы таныстырылды.

Семинарға Қостанай қалалық сотының мамандары, жекелеген пәтер иелері кооперативі төрағалары, екінші дәрежелі банк пен адвокаттар алқасы өкілдері,  «KazMicroFinance» шағын несиелік ұйым» ЖШС, «Деньги населению» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Аталған тақырып бойынша соттың кеңсе меңгерушісі Г.Бимурзина баяндама жасады. Ол өз баяндамасында  «Сот кабинеті» арқылы сотқа жүгіну электронды құжат айналымы қолданысын арттырып, сотқа шағым өткізу ресімін оңтайландырып, адамның уақыты мен қаражатын үнемдеуге ықпал ететіндігіне тоқталды.

Өткен 2015 жылда «Сот кабинеті» сервисі қарқылы 5335 электронды шағым түскен, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3742 құжатқа артық көрсеткіш. (2014 жылы 1593 электронды шағым түскен).

Жалпы сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот өндірісін айтарылқтай жеңілдетіп, азаматтардың уақыты мен қаражатын, бюджет қаражатын үнемдеуге ықпал етіп, сот жұмысының барынша ашықтығы пен шынайылығын арттырғуа негіз болып отыр.   

Источник: 
Қостанай қалалық соты