Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының инновациялық технологияларымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  құқықтық көмек көрсету, өткелең ұрпақтың  құқықтық мәдениетін жоғарылату және сот жүйесінің жұмысымен болашақ мамандарды таныстыру  мақсатында сот төрағасы Игорь Игоревич Дудин  құрылыс колледж студенттеріне «Ашық есіктер күнін» өткізді.  Сот төрағасы Игорь Дудин студенттерге әкімшілік істерді қарау ерекшеліктері мен электрондық технологиялар туралы баяндап өтті.

Сот ғимаратына экскурсии барысында электронды сот төрелігімен, атап айтқанда «Сот кабинеті» сервисімен, «Талдау», «Төрелік» АЖ базасының жұмысымен, сот отырысы залдарында ДБЖ жүйесімен жұмыс істеу, кеңсе жұмысымен, мұрағат және сот кодификациясымен, сот отырысы хатшысының жұмысымен таныстырылды.

Сот төрағасы, инновациялық технологиялар туралы ақпарат берді, инновациялық технологиялар сот қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететінін  және сот төрелігін қолжетімді ететінін айтты.

Сот жүйесінақпараттық сүйемелдеу туралы айта отырып, бастысы сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға түсіру екендігін атап өтті.

Сот төрағасының баяндамасынан кейін, студенттер әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау бойынша сот отырыстарына қатысты, ол жерде студенттер сот отырысын дыбыс-бейнеге түсіру жүйесінің жұмысымен танысты.

Іс-шараның соңында студенттер сот қызметкерлерін атқарған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, оларға жауап алды.

Кездесуді аяқтай отырып, сот төрағасы студенттеге сапалы білім алып, өз ісінің білікті мамандары атануларын тіледі. 

Источник: 
Пресс-служба Костанайского областного суда