Қостанай облыстық соты және «Атамекен» ҰКП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өзара қарым-қатынас мәселесін талқылап, меморандумға қол қою мақсатымен  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбеновпен, директордың орынбасары Самат Сәдуақасовпен және  құқықтық қолдау бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаевпен кездесті.

Кездесуге сот алқаларының төрағалары А.Шамшиев пен В.Долгих, облыстық сот судьялары мен Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасының міндетін атқарушы Р.Ғалымжанов қатысты.    

Іс-шараны ашқан облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев бүгінде облыс соттарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасы бекіткен жоспарға сай халықаралық рейтингте сот жүйесінің көрсеткішін жақсарту үшін «Атамекен» ҰКП филалдарымен, бизнес орталықтарымен бірлесіп іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Дүниенің өркендеп өскен, ең байыған 30 мемлекетінің қатарына кіру үшін және Дүниежүзілік экономикалық форумда бәсекеге қаблеттілік рейтинг  көрсеткіштерін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан заң аясында жұмыс істейтін кәсіпорындар қызметін жеңілдету арқылы қоғам әл-ауқатын арттыру жұмысы жүргізілуде.  Себебі, елде бизнес саласы дамыса экономикалық өрлеу артып, жұмыс орны көбейіп, жұмысқа жарамды тұрғындардың көші-қоны төмендейтіні белгілі. Сондықтан, соттың қызметі кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Кездесуге қатысушылар мәселелі жайттарды талқылай келе, кей мемлекеттік органдардың заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан көптеген кәсіпкерлер өз кәсібінен, мүлігінен айырылып, қарызға батқан кездерінен мысалдар келтірді.    

Өз кезегінде облыстық сот төрағасы А.Мерғалиев соттар өз тәжірибесінде  оңалту рәсімдерін қолданып, нақты шешім шыққанға дейін банкроттық туралы істің қозғалуына жол берілмейтіндігін атап өтті. 

Қостанай облысы соттары қолданған 24 оңалту рәсімінің 23-і бойынша кәсіпкерлер өз ісін берілген уақыт аралығында жақсарта алған.  

«Атамекен» ҰКП өкілдері тарапынан өзара ынтымақтастық бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды. Оның бірі – жеке қаулы шығару арқылы бизнс өкілдерімен негізссіз соттасатын мемлекеттік органдарды жауапкершілікке тарту.  Бұл мемлекеттік орган өкілдерін тәртіпке келтіріп, өз ісін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау арқылы заңды тұлғалардың сотқа деген  сенімін арттыруға ықпал етпек.

Іс-шараға қатысушылар меморандумның маңызды міндеттерінің бірі – заң үстемдігіне негіздей отырып облыстағы бизнес өкілдерінің құқығын қорғау саласында ынтымақтастық, әділдік пен ашықтықты сақтау екендігіне тоқталды.  

Меморандум аясында тараптар кәсіпкерлердің заңды құқығы мен мүддесіне қатысты заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлік субъектілері қатысатын сот істерін қарауда кәсіпкерлер құқығын қорғауды ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, шаруашылық субъектілер арасындағы дауды сотқа дейін  қарау, баламалы шешу формалары бойынша әдістемелік және құқықтық көмектің ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі, кәсіпкерлердің сот жұмысы туралы ақпараттануын арттыруды көздеп отыр.

Меморандумға қол қойған тараптар нәтижелі әрі ынтымақты жұмыс жүргізілуіне тілектестіктерін білдірді.

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: